"Бала тәрбиесі - басты міндет" атты кездесу болып өтті

Screenshot_23.jpg

Бүгінгі күні балалардың патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, үлкенді сыйлау, құрметтеу бағытында Түркістан қаласындағы Ғ. Мұратбаев атындағы жалпы орта мектепте түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Атқарылып отырған кездесу жұмыстары еліміздің жастарының бойында патриоттық сананы қалыптастыру, тәлім тәрбие беру жөнінде стратегиялық міндеттерді толықтай орындалуға бағытталуда.

Бала бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтар отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып әрленеді.

«Бала нені білсе жастан, ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр десеңізші. Нақылда тәрбие беретін адам, я болмаса ортасы өздері білімді, тәрбиелі, үлгілі болуы керек деп өсиет етеді. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиешісі көрсін» деген мәтел де соны меңзейді.

Бала тәрбиесінде мектептің атқаратын рөлі де зор. Өйткені отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтыратын домбыраның қос ішегіндей.

Егемен еліміздің ұрпақтарын білімді, тәрбиелі етіп тәрбиелеу-баба ұрпақ пен аға ұрпақтың парызы.Алайда баланың бас ұстазы ата-анасы. Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша іс алға баспайды.

Бала тәрбиесіндегі отбасының атқарар міндеті зор. Адам баласының дүниеге келгенде енетін үйі, өсіп ержететін, тәлім-тәрбие алатын қасиетті алтын бесігі-отбасы.

Отбасының адамзат ұрпағына ететін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Отбасы тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері өте көп. Әсіресе көрегенді, ынтымақты отбасында. Бұл орайда: Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің  деген халқымыздың қасиетті сөзінен отбасы тәрбиесінің күшін сезуге болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер