Орнатылған газ датчиктері 35 мыңға жетті

Screenshot_6.jpg

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркістан облысының халқымен кездесуде қабылданып жатқан өрт қауіпсіздігі шаралары туралы айтты. 

2022 жылдың 1 қазанынан бастап жылыту кезеңі басталды. Жылыту маусымында азаматтардың қаза болу қаупін азайту үшін министрлік бірқатар шара қабылдады. Бірінші кезекте, республика бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының санын есептеу аяқталды. 

Олар көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектер. Оларға кейін атаулы көмек көрсетіледі. Өңірде олардың саны 25 мыңнан асады.

Екіншісі-жылыту маусымы бойы жүргізілетін тұрғын үй секторындағы профилактика. Мұнда азаматтарға пештерді, электр жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ газ жабдықтары мен баллондарды дұрыс пайдалану және сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсетіледі. Министр бұл ретте министрліктің әдістемелік көмек көрсететіне баса назар аударды.

Бүгінгі таңда қызметкерлер облыс бойынша 70 мыңға жуық үйді аралады. 68 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі бұзушылығы анықталды, 23 мыңнан астам оқиға орнында жойылды, қалғандары бойынша ұсыныстар берілді.

«Облыс бойынша әкімдікпен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп қосымша 35 мыңға жуық датчик орнатылды. Олар қауіп туралы алдын ала хабардар етеді және азаматтардың қаза болуына жол бермейді. Жыл соңына дейін бір жарым мың датчик орнату жоспарлануда», деді ТЖ министрі Юрий Ильин.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Марат Күлдіков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін тұрғындардың есіне салды.

«7 қарашадағы жағдай бойынша ел бойынша алты жүз мыңнан астам рейд жүргізілді. Өрт қауіпсіздігінің жүз мыңнан астам бұзушылықтары анықталды. Жанғыш материалдарды жылыту құрылғыларының жанында сақтау, заттарды пештің үстінде кептіру және басқалары сияқты бұзушылықтардың негізгі бөлігі сол кезде жойылады, қалғандары бойынша ұсыныстар беріледі.

Осыған байланысты, ТЖМ азаматтарымызға өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға кеңес береді. Яғни, газ баллондарын жылыту құрылғыларының жанында сақтамаңыз, кірді және басқа заттарды пештің үстінде кептірмеңіз, мүмкін болса, мұржаларды тазалаңыз», - деді вице-министр.

Бұған дейін министрлік министрдің орынбасары елімізде 106 мыңнан астам отбасы өрт қауіпсіздігі бойынша есепке алынғанын айтқан еді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер