Сарыағаш ауданы, Тегісшіл ауылдық округі, Тегісшіл елді мекені №34 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Мемлекет.Біртұтас ұлт.Береккелі Қоғам» тақырыбында жастармен кездесу болып өтті.
Кездесудің мақсаты: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы жастарға қолайлы мүмкіндіктері мен сапалы білім беру бағыттары түсіндірілді.Кездесу барысында, жастарға биылғы жолдаудағы ерекшеліктерге тоқталып, мол ақпараттар түсіндірілді.
Әділетті Қазақстан құру – тарихи жауапкершілік. Біз ертеңгі ұрпаққа әділетсіздіктен арылған, жемқорлықтан жерінген, экономикасы еңселі қоғам қалдыруымыз керек.
Бұл тұрғыда «AMANAT» партиясы мен оның жақтастары ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баянды бастамаларына шынайы қолдау көрсетіп, сындарлы сәтте барша қазақстандықты ортақ мақсат, ортақ мүддеге топтасуға үндейді. Бұл – дана қазақтың «Бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығару» деген қанатты қағидасын қазық еткен құндылық.
Демократиялық қоғам болғандықтан, ең алдымен қазақстандық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету алғашқы кезекке шығады. Бұл мәселемен айналысатын орган – Президенттің тапсырмасымен құрылатын Конституциялық сот болады.
«Әділетті Қазақстанды әр азамат өзінен бастау керек» деген тұжырымдарын жеткізді. «Халық өзгеруі керек, халықтың санасы өзгеруге тиіс. Стереотиптерді түбегейлі жойғанда ғана алға қойған мақсат-міндеттерге қол жеткізе аламыз. Әр азамат Жаңа Қазақстанның бір кірпіші екенін сана-сезімімен толық түсінгенде ғана заң үстемдігі толық орнаған ел бола аламыз. Ел санасы, азаматтардың мәдениет-менталитеті, мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеу стилі өзгермейінше, 100 пайыз идеалды заң қабылдасақ та, мемлекет оң жолға түсіп кете алмайды».