«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы өтті

Screenshot_2.jpg

Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округіндегі ерікті жастармен «Ардагерлерді ардақтайық» тақырыбында Жібек жолы ауылының тұрғыны Кеңес Одағының батыры Ж.Сүлейменовтың жары, тыл ардагері Нурзияева Биран апаның үйіне қамқорлық көрсетіп, қысқы отынын дайындап, үй тіршілігіне қолғабыс жасады. 

Акцияның мақсаты- жалғызбасты қария, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне жүйелі көмек көрсету. Ерікті жастармен қарт адамдарға шаруашылық бойынша көмектесу. Үй мен ауланы тазалау, азық-түлік пен дәрі-дәрмегіне көмек беру, ең бастысы - олармен әңгімелесіп, уақыт өткізу.

Акция барысында "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің Жібек жолы ауылдық округіндегі жастар инспекторы Н.Жолшыбекова N58 Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Э.Керимбекова ерікті жастар қарияның үй шаруаларына көмектесіп, әңгімелесіп хәл-ауқатын сұрап қайтты.

Жақсылыққа жаны құмар, жомарт жастардың көмегіне риза болған атамыз, жастарға алғысын айтып, ақ батасын берді.

«Қарттарым – қазынам» деп қарайтын біздің қоғамда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. 

Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді. 

Ардагерлер мен қарттар алдындағы парызымызды білеміз. Бұл парыз – оларға қамқорлық көрсету, оларды қолдау арқылы өтеледі. Осы парызын орындай отырып, Үкімет зейнетақы заңнамасын жетілдіруде, зейнетақы мен жәрдемақылардың мөлшерін арттыру және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытуда маңызды қадамдар жасалды. 

Ұрпақтар сабақтастығы жарасымымен сақталса елдің берекесі де, мерекесі де таусылмасы анық. Бейбіт заманның қадірін білетін қадірлілеріміздің ақылы – дария, өмірі – өнеге. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер