Zhasproject - үздік тәжірибелер форумы

Screenshot_1.jpg

«Түркістан облысында «ZHAS PROJECT» жастардың осал топтары арасында пилоттық жобаны іске асыру» гранттық жобасы іске қосылды.

Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында іске асырылуда, Түркістан облысы бойынша жобаның ұйымдастырушысы ретінде Қазақстан жастарының конгресі бекітілген.

Жобаның негізгі мақсаты – жастарды, әсіресе осал топтарды қоғамдастықтың өміріне тарту және қоғамдастықтың игілігі үшін қоғамдық пайдалы қызметті оқыту бағдарламасы арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту.

Жоба әлеуметтік жобаларды іске асыруға, өз әлеуетін, өмірлік маңызды дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға 18 жастан 28 жасқа дейінгі мүдделі жастарға (қоса алғанда) бағытталған. Жобаның басым қатысушылары әлеуметтік осал топтардың жастары болды.

Жоба аясында Түркістан облысында 63 жоба жүзеге асырылды, әрбір қатысушыға өз бастамаларын іске асыруға 1 000 000 теңгеге дейінгі сомада грант бөлінді. Сондай-ақ, қатысушылар әлеуметтік, интеллектуалдық, ерікті және көшбасшылық құзыреттілік деңгейін арттыру бойынша тренингтерге қатысуға мүмкіндік алды.

Шағын гранттарды іске асыру қорытындысы бойынша Түркістан облысында 18 білім беру курсы, 12 спорт секциясы, 6 наубайхана және кондитерлік шеберханасы, 6 тігін шеберханасы, 5 логопедиялық орталығы, 4 сұлулық салоны, 3 массаж кабинеті, 3 демалыс орталығы іске қосылды.

Бұдан басқа, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы жұмыс істейді, церебральды сал ауруы бар балаларға емдік атпен жүру сабақтары өткізіледі, сабындар, кептірілген жемістерден жасалған эко чипстер мен инкубация арқылы жұмыртқалар өндіріледі.

Жобаны іске асырудың маңызды кезеңі Түркістан қаласында жобаны қорытындылау мен Үздік тәжірибелер форумын өткізу болып табылады, іс-шара барысында қатысушылар дайындаған өнімдерін көрсетіп, жобаларымен таныстырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер