Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салты насихатталды

Screenshot_1.jpg

Тегісшіл ауылдық округіне қарасты, Мəдениет елді мекеніндегі № 49 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінде, жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың зиянды əдеттерден алдын алуға бағытталған кездесу өткізілді. 

Кездесуде жасөспірімдерді зорлық-зомбылық, əлімжеттік т.б. келеңсіз жағдайлар мен зиянды заттардан аулақ жүруге жəне спортпен айналысуға шақыру.

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру- қазіргі уақыттағы ең көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселенің маңыздылығы- қоғамымыздың әлеуметтік жағдайына, экономиканың бүгінгі уақыттағы хал-ахуалына, экологияның нашарлауына, жастардың өз денсаулығына жауапкершіліксіз қарауы себептеріне байланысты да арта түсуде. 

Адамның  өз денсаулығына көзқарасын өзгертуі, ең алдымен, тәрбиелік мәселе болып табылады. Салауатты өмір салты - ол адекваттық тәртіп арқылы денсаулықты басқару. Яғни, өз кезегінде Индивидуалдық қажеттілікке негіздеп, керекті білімді таңдап алуға мүмкіндік береді. 

Имандылық негізіндегі салауатты өмір салты біртұтас, ғылыми тиімді жүйеде қалыптастырылуы қажет. Тәрбие – қоғамдық, өндірістік, мәдени іс-әрекеттегі рухани және дене дамуына әсер ететін мақсатқа бағытталған жүйелі үрдіс. 

Ол оқу және ағарту саласымен тығыз байланысты. Тәрбиенің ұйымдастырылуы және мазмұны, мақсаты мемлекеттік және қоғамдық қарым-қатынаспен анықталады. Спорттың өзара көмек және ұжымдық сезімді қалыптастырып, жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтіндігі жақсы мәлім. Адамның материалдық қажеттіліктерінің бірі- дене мүшесінің саулығы. Яғни, адамның денесінің саулығы, сақталуы, нығаюы, ширауы. Мына өркениетті дамыған қоғамды тек - дені сау адам ғана құра алады. 

Жастарымыздың денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеті ерекше, адамгершілігі мен имандылық қасиеті үйлескен тұлғаларды тәрбиелеу...

«Тәні саудың - жаны сау", "Шынықсаң шымыр боласың, "Есірткіге елікпе, спортты ал серікке"-деген қанатты сөздермен студент жастарды 

салауатты өмір сүруге тәрбиелеуіміз шарт.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер