Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық округі аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, нашақорлықтың алдын алу және кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде беймезгіл жүруін қадағалау мақсатында Дарбаза ауылдық округі аумағындағы орталық көшелерде, Дарбаза ауылында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында кафе, дүкен егелеріне кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге ішімдік, темекі сатпауы жайлы тиісті түсіндірме жұмыстары өтті.
Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер анықталып бір реттік ескерту берілді! Егер бала ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз тиісті емес уақытта жүрсе, онда ол полиция бөліміне түсуі мүмкін.
Бала - бұл 18 жасқа толмаған (толық жас) адам. Баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар.
Баланың ата-аналарына, заңды өкілдеріне айыппұл салмас үшін нені білу керектігі туралы біз осы материалда айтып береміз.
Балаға қай уақытта ойын-сауық мекемелері мен үйден тыс жерлерге баруға тыйым салынады?
Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады. Ойын-сауық мекемелеріне: ойын мекемелері, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар интернет кафе, компьютер, бильярд бөлмелері, боулинг клубтары мен кинотеатрлар, театр және ойын-сауық нысандары және басқа ғимараттар, ойын-сауық, театр және ойын-сауық, спорттық, мәдени және демалыс қызметтері ұсынылатын үй-жайлар, құрылыстар жатады.
Сағат 23.00-ден таңертеңгі 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз көшеде болуына тыйым салынады.