Жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Screenshot_4.jpg

Сарыағаш ауданы, Тегісшіл аулдық округі, Таскескен елді мекенінде орналасқан, №30 С.Торайғыров атындағы жалпы орта мектебінің мəжіліс залында, жасөспірімдермен «Адамның иммундық тапшылық вирусы (АИТВ), (ЖИТС)» жұқпалы инфекциялық ауруларды жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттің басты байлығы–адам десек, дені сау адам ғана ел қазынасы, ұлт болашағы бола алатыны белгілі.Бүгінде дерттің түрі көп. 

Заман жақсарып, техника дамып, мүмкіндіктер молайып жатса да, көбісінің дауасын таба алмай дал болудамыз.Солардың бірі –АИТВ /ЖИТС немесе СПИД ауруы.

Бүгінгі таңда АИТВ жұқпасы дүние жүзінде соның ішінде Қазақстанда да өзекті мәселелердің қатарында болып отыр. Инфекцияның таралуын тоқтататын нәтижелі дәрілік құралдар мен вакцина таппағанша СПИД-тен қорғанудың ең тиімді тәсілі ол – адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырмау. 

Іс – шараның негізгі мақсаты: жаңа жұқтыруларды болдырмау, алдын алу болып табылады.ЖИТС-жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы, АИТВ-ның ағзада дамуының соңғы сатысы. ЖИТС-пен ауыратындарда түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштары тудыратын ауруларды жасөспірімдерге түсіндіру.

Бұл ауру қоздырған инфекцияның организмге әсерінен дамитын дертті жағдай. Инфекция жұқтырған адамда ешбір ауру белгілері байқалмауы не қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болуы мүмкін. Әдетте, инфекцияның симптомсыз кезеңі ұзаққа созылады. Ауру үдеген жағдайда адамның иммунды жүйесі әлсіреп, туберкулез секілді көп кездесетін, сондай-ақ иммунитет қызметі қалыпты адамдарда бола бермейтін оппортунис инфекциялар мен ісіктер пайда болуы мүмкін. Инфекцияның аталған кеш белгілерінің жиынтығын жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы (ЖИТС) деп атайды. Әдетте, бұл саты адамның өте қатты жүдеуімен қатар жүреді. 

АИТВ бірінші кезекте қорғаусыз секс (анал және орал сексі кезінде де қан, былазық, шәует, қынап шырышы арқылы), жұқтырылған қан құю, теріасты инъекцияға арналған ине арқылы, сондай-ақ жүктілік, босану не емізу кезінде анадан балаға беріле алады. Вирус сілекей, тер, жас секілді дене сұйықтығы арқылы адамнан адамға берілмейді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер