2022 жылдың 09-11 қараша аралығында №12 колледждің «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills –Kazakhstan-2022» республикалық ұлттық чемпионатына қатысушы Темирчи-оглы Ислам, оның жетекшісі Мусаев Бекболат «Алматы қаласындағы Алматы құрылыс-техникалық колледжінің «Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігінің ресурстық орталығында WorldSkills –Kazakhstan-2022» чемпионатына дайындықтан өтіп, кәсіби құзыреттілігін арттырды.
«Жас маман» жобасы бойынша алынған дәнекерлеу құрал-жабдықтары мен заманауи құрылғыларда WorldSkills стандартындағы күрделі модульдерді орындап, шеберліктерін шыңдады.
«WorldSkills –Kazakhstan-2022» жұмыс кәсібі мен шеберлік дағдысының беделін арттыруды көздейтін халықаралық қаржылық емес қозғалыс. Жобаның мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту. WorldSkills кәсіптік білімнің дамуына оң әсерін тигізеді. Оның чемпионаттары екі жылда бір рет әр мемлекетте өтеді. Оған 22 жасқа дейінгі колледж және университет студенттері, білікті жас мамандар, сонымен қатар, танымал мамандар, кәсіпқойлар, өндірістік оқыту шеберлері мен тапсырмаларды орындауды бағалайтын сарапшы ретіндегі нұсқаушылар қатысады. Командалар нәтижелері тек қатысушылардың жеке кәсіби сапасын ғана емес, сондай-ақ, жеке кәсіптік дайындық деңгейі мен қатысушылар келген елдің қызмет көрсету сапасының деңгейін де көрсетеді.
2014 жылы Қазақстан WorldSkills ассоциациясына 76-шы қатысушы мемлекет болып тіркелді. 2015 жылы Қазақстанда WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты өткізілді. 2016 жылғы ұлттық чемпионат нәтижесінде құрылған ұлттық құрама мүшелері EuroSkills халықаралық чемпионатына қатысты.