Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округі №76 жалпы орта мектебі оқушыларының арасында спорттың баскетбол түрінен жарыс өткізілді. Сайысқа мектеп оқушыларынан құралған 4 команда қатысып, өзара сынға түсті. Аталған іс-шара бұл спорт түрін жан-жақты көрсету және жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Жарыс қорытындысы бойынша:
I- орынды “8 сынып” иеленді.
ІІ- орынды “ 7 сынып” иеленді
ІІІ орынды “ 8а сынып” оқушылары иеленді. Үздік ойын көрсеткендер қатары анықталып , үздік атанған жеңімпаздар әкім дипломымен марапатталды.
«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық- денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын шынайы сезініп, түсінбейтін секілдіміз.
Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз оcы бағытта Қазақстан мектептеріне жан- жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған.
Қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Тіпті Елбасымыздың Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетілген. Бұл жолдау келешек егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады.
Салауатты өмір салты дегеніміз- денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денссаулықа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс.