Сарыағаш ауданы прокуратурасының бастамасымен, Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық-бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу бағытында №9 Майлыкожа атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылармен кездесу өтті.
Кездесуге Сарыағаш ауданы прокуратурасының қызметкерлері, Сарыағаш ауданы әкімдігінің қызметкерлері, Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Исақ Асан, Сарыағаш ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері, аталған білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен білім алушылары қатысты.
Бала - бұл 18 жасқа толмаған (толық жас) адам.
Баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар.
Заңды өкілдің қатысуымен кәмелетке толмаған бала белгіленген уақыттан өткеннен кейін ойын-сауық мекемелерінде болуы мүмкін.
Басқа ересек адамдар заңды өкіл ретінде таныла алмайды. Ойын-сауық мекемесінде кәмелетке толмаған баланың басқа ересек адамдардың қатысуымен болуы (мысалы, жас адаммен, компаниямен), бірақ заңды өкілдерсіз болуы заңсыз болады.
Кездесуде 2022 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты орын алған және кәмелетке толмағандармен орын алған құқық-бұзушылықтар мен қылмыстар жайлы сөз қозғалып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, білім алушыларға қолданыстағы заңдылықтар түсіндірілді. Білімалушылар өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып толық ақпараттарын алды.