Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың болдырмау профилактикасы

Screenshot_7.jpg

Сарыағаш ауданы прокуратурасының бастамасымен, Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық-бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу бағытында №8 Айни атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылармен кездесу өтті. 

Кездесуге Сарыағаш ауданы прокуратурасының қызметкерлері, Сарыағаш ауданы әкімдігінің қызметкерлері, Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Исақ Асан, Сарыағаш ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері, аталған білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен білім алушылары қатысты.

Ата-аналарға, заңды өкілдерге кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдерінсіз түнде ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүргені үшін: кешкі 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болса - 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады; түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін үйден тыс жүретін болса – ескерту жасалынады. Егер ұқсас факт жыл ішінде қайталанса, 7 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.Баланы тиісті  емес уақытта болғаны үшін ойын-сауық мекемесінің иелеріне де айыппұл салынады.

Айыппұлдың мөлшері құқық бұзушының мәртебесіне, сондай-ақ құқық бұзушының жыл ішінде осындай бұзушылық үшін бұрын жауапқа тартылған-тартылмағанына байланысты. Айыппұл іс-әрекетті тоқтатумен немесе белгілі бір қызмет түрімен бірге қолданылуы мүмкін.

Кездесуде 2022 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты орын алған және кәмелетке толмағандармен орын алған құқық-бұзушылықтар мен қылмыстар жайлы сөз қозғалып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, білім алушыларға қолданыстағы заңдылықтар түсіндірілді. Білімалушылар өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып толық ақпараттарын алды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер