Сарыағаш ауданы прокуратурасының бастамасымен, Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу бағытында №1 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында; №3 М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде; №60 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылармен кездесу өтті.
Кездесуге Сарыағаш ауданы прокуратурасының қызметкерлері, Сарыағаш ауданы әкімдігінің қызметкерлері, Жастар орталығының басшысы Нұрғали Отаров, Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Исақ Асан, Сарыағаш ауданының полиция бөлімінің
қызметкерлері, аталған білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен білім алушылары қатысты. Заңды өкілдің қатысуымен кәмелетке толмаған бала белгіленген уақыттан өткеннен кейін ойын-сауық мекемелерінде болуы мүмкін.
Басқа ересек адамдар заңды өкіл ретінде таныла алмайды. Ойын-сауық мекемесінде кәмелетке толмаған баланың басқа ересек адамдардың қатысуымен болуы (мысалы, жас адаммен, компаниямен), бірақ заңды өкілдерсіз болуы заңсыз болады.
Көршісіне сағат 23.00-ден кейін мұз айдынын жасауға көмектескен кәмелетке толмаған құқық бұзушы үшін көршісі заңды өкіл болып табылмайды. Тек заңды өкілдер ғана баланы полициядан алуға құқылы.
Егер ата-аналары уақытша қалада болмаса, онда туыстары немесе өкілдері тиісті құжатты немесе нотариалды куәландырылған сенімхатты ұсынуы керек.
Кездесуде 2022 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты орын алған және кәмелетке толмағандармен орын алған құқықбұзушылықтар мен қылмыстар жайлы сөз қозғалып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, білім алушыларға қолданыстағы заңдылықтар түсіндірілді.