Облыс әкімі жастармен кездесті

Screenshot_12.jpg

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің 150-ден астам белсенді жастарымен кездесті. Еркін форматта пікірлесті. Жастардың 

ой - ұсыныстарын тыңдады. Ақыл - кеңес берді. Жастарға сенім артатынын айтқан облыс әкімі игі істердің басында жүрген ұл-қыздарға алғыс білдірді. 

Өңірдегі жастар саясатына үлес қосуға шақырды. 

Облыс әкімі жастармен жиі жүздесуге дайын екендігін айтып, көтерілген тақырыптар аясында жұмыс істелетіндігін жеткізді. Мұндай кездесулер жалғасын табады.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды 17 аудан, қала бойынша Жастар ресурстық орталығы басшыларымен танысты. 

Ел боламын десен, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында.Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын деді әкім

Өз кезегінде қазіргі жастар яғни біз өзіміздің алған рухани білімімізді жетілдіру мақсатында түрлі ақпарат көздерінен алған деректерді қорытып, тәндік жаратылыс пен жандық жаратылысын түсіне білуіміз керек. Ол үшін тән тазалығы мен салауатты өмір салтын ұстану, денесін шынықтырумен бірге ізгілік қағидалармен үйлесімді өмір сүру, өз ақыл-ойын үнемі жағымды, сабырлы қалыпта ұстай білуі тиіс дегенді айтты жастар. 

Кездесу соңында өңір басшысы белсенді жастармен бірге ағаш отырғызды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер