Ел ертеңі жастар қолында

Screenshot_2.jpg

Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімі "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Ел ертеңі-жас ұрпақ" атты іс-шара өткізілді.

Іс-шараға ауданның атын Республикалық деңгейге шығарып жүрген дарынды жастарымыз қатысты.

Артықбай Әсемай Шадықанқызы - Төрткүл ауыл округі "Қызылжар" ж.о.м. оқушысы. "ҰЛЫ ДАЛА ДАРЫНЫ" төсбелгісі иесі, "Тәуелсіздік бәріне қымбат" атты Республикалық байқаудың жеңімпазы, Үздік ғылыми жоба қатысушы, Дарынды жастар жобасының алтын төсбелгі иесі.

Алишев Абылай - Бөржар ауыл округі М.Х.Дулати ж.ом. оқушысы. Джиу-джитсудан Қазақстанның 2 дүркін жеңімпазы, ММА-ден және қоян қолтық ұрысынан спорт шеберіне үміткер. Ташкент Бұқара қаласы джиу-джитсудан Азия чемпионы.

Қалдарбекова Қарақат - "Өнерге қанат қаққандар" Республикалық жарыстың бас жүлде иегері, Халықаралық конкурстың 1 орын иегері.

Мәлік Әсем - Төрткүл ауыл округі, Төрткүл ж.о.м. оқушысы, ҚР дарынды оқкшыларының Алтын кітабы құрамына кірген. 

Оқушы жастармен кездесу өткізіліп, еңбек жолдарымен танысып, алғыс хаттар берілді.

кездесу соңында Жастар – бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Әрине, еліміздің келешектегі арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Барлық уақытта жастар халық арасындағы ең озық бөлігі болып есептелінген. Олар әрқашан қоғамдағы оң өзгерістердің алдыңғы қатарында болды. Негізінен, жастар – мемлекеттің стратегиялық қоры. Олар дамудың жасампаздық қуаты мен ұлттық күшін жинақтап, дамыта алады.  «Болашақ – жастардың қолында», — деп осы сөзді ұран етіп, болашаққа нық қадам басу, көк туды көкте желбірету біздің айқын мақсатымыз болуы тиіс. Келешектің тізгінін берік ұстап, болашақтың көшбасшысы болумен қатар, еліміздің еңсесін көтерер азамат болуымыз керек. Айқын мақсатқа жете отырып, жетістікке жетеміз. Ал жетістікке ұмтылу адамды дамытуға бастайтын үлкен күш екенін ұмытпайық деді аталған іс-шараны ұйымдастырушылар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер