“Кітап оқып сыйлық ал!”

Screenshot_3.jpg

Сарыағаш удандық ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Кітап оқып сыйлық ал!” бәйгесі өткізілді. 

Іс-шараның мақсаты - оқушыларың кітап оқуға құштарлығын ояту, оқушылар арасында кітап оқу дағдысын қалыптастыру әрі жандандыру. Сол арқылы төл құндылықтарымызды жастарға насихаттау.

Биыл мұндай ауқымды іс-шара тіпті тұтас еліміз бойынша да қолға алынды. Осыған орай Қазақстанда кітап оқудан ірі сайыс басталды. Бастауыш сынып оқушысынан бастап ересектерге дейін бәріне қатысуға болады. Ал жеңімпаздары мен қатысушыларға қомақты сыйлықтар берілмек. Massagat.kz порталы елімізде осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған "Тұлға болам" атты кітап оқу сайысы жайлы кеңірек ақпарат берді.

Сайыс жайлы келсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады. Осыған орай биыл "Шұғыла" қоры мен "Дария" дамыту орталығы үшінші "Тұлға болам" кітап оқу сайысын ұйымдастырды.

Кітап оқу сайысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында өтті. 

Сайысты ұйымдастырушылардың айтуынша, былтыр "Тұлға болам" сайысына 50 мың адам, екінші бәйгеге 108 мың адам қатысқан екен. Ал бұл жолғы үшінші сайыста 500 мыңдай адам жарысты. 

Мәселен, сайысқа 4 оқушылар тобы және 1 ересектер тобы қатысты: 1-2 сынып, 3-4 сынып, 5-8 сынып, 8-12 сынып және студенттер мен ата-аналардан, басқа да ересектерден құралған топ. Яғни, сайысқа кез келген жан қатыса алады.

Əр топтың кітабы және жүлдесі бөлек. Сайысқа қатысушылар қазақ классиктері мен әлем классиктері кітабын оқып жарысады. Қатысушылар 3 кезенде 3 кітапты оқып бітіруі тиіс. 

Ал аудан деңгейіндегің іс-шарада жеңіске жеткен қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер