Жастарды кәсіпке баулу маңызды іс

Screenshot_4.jpgКәсіпкерлік – бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. Бүгін “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен, Сайрам ауданы “АМАНАТ” партиясының қолдауымен жастарды кәсіпкерлікке баулу, бизнеске деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында “Кәсіп- түбі Нәсіп” атты кездесу өтті. Кездесу барысында жастардың сұрақтарына жауап беріліп, жастар тарапынан көптеген идея тыңдалды.

Қазіргі ғылыми-техникалық үрдістің қарқынды дамуына байланысты білім беру жүйесінің алдына жаңа талаптар қойылып отыр. Кәсіби мамандарды даярлаудағы жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандартын жүзеге асырудың негізгі міндеті – ғылым мен білімді тәжірибемен ұштастыру. Тәжірибе барысында болашақ маман өзінің кәсіби мамандығы бойынша алғашқы тәжірибесін жинақтай бастайды. Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жақты білімді, білікті, іскер, бәсекеге қабілетті маман даярлауда әрбір білім алушыны жан-жақты ізденуге, өздігінен тың жаңалықтар ашуға, қай салада болсын, ғылыми жұмысқа деген бейімділігін қалыптастыру көзделуде. Бүгінде егеменді еліміздің дамыған отыз елдің қатарынан көрінуі үшін жастарымыз білімді және бәсекеге қабілетті болуы керек. 

Жастар тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, дизайн, шаштараз өнері және сәндік косметика, тамақтандыруды ұйымдастыру, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер, дәнекерлеу ісі мамандықтары бойынша білім алуы тиіс. Осы орайда кәсіптік колледждер қабырғасында бәсекеге қабілетті, білікті маман даярлау үшін қажетті материалдық-техникалық база құрылып, кабинеттер, зертханалық бөлмелері, оқу-өндірістік шеберханалары талапқа сай жасақталған. Кездесу соңында жастарымыз проект жазып өз бизнес жобаларын ұсынды. Алдағы уақытта жастардың ұсынысы қолға алынып, жүзеге асырылады деген сенімдеміз!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер