Кентау қаласында әлеуметітк мәселелер бойынша жастармен кездесу өтті

Screenshot_1.jpg

Бүгін Кентау қалалық "Жастар ресурстық орталығы" КММ залында қала және ауыл жастарына, жастарға білім беру, жұмысқа орналасу және де кәсіпкерлік мәселері бойынша кездесу өтті. 

Кездесу барысында өткен іс-шараға Түркістан облысы дін істер басқармасының оңалту бөлімінің басшысы Байсариев Гани Оналбекович және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ~нің басшысы Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлы мен Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінің басшысы Бақытжан Айтбаев қатысты. 

Кездесудің мақсаты - пробация қызметінде есепте тұрған жастарды қоғамға бейімдеп, оларды жұмыспен қамту, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру.

Тиісті мемлекеттік орган өкілдерінің айтуынша, ж астар мен зейнет жасына дейінгі қала тұрғындарына жұмыс беру жобасы да жүзеге асуда. Нақты айтқанда, «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» және т.б. Осы орайда жастар практикасына алған мамандығы бойынша жұмыс өтілі бір жылдан аспайтын 29 жасқа толған білім беру ұйымдарының түлектері қатыса алады. Жалақыны жұмыспен қамту орталығы 30 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде төлейді. Бұл – шамамен 122 520 теңге. 29 жасқа дейінгі жастарға, оның ішінде еңбек өтілі жоқ NEET санатындағы жастарға да 18 айдан аспайтын мерзімге уақытша «Алғашқы жұмыс орны» жобасының қарастырылған. Ал «Ұрпақтар үндестігі» жобасы аясында 2 жыл ішінде оқуын аяқтаған, жасы 29-дан аспаған білім беру ұйымдарының түлектеріне 6 айдан аспайтын мерзімге уақытша жұмыс орындары ашылып, кемінде 91 980 теңге төленетін болады. 

Кездесу барысында жастар тарапынан жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту саласында сұрақтар қойылып, ұсыныс пікірлер айтылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер