​Менің арманымдағы Қазақстан» эссе байқауы өтті

Screenshot_2.jpg

Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен 2022 жылғы 25 қазан Республика күніне орай колледж арасында "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Студенттер өз арманындағы Қазақстан туралы, болашақты елестетіп, 

өз арман қиялдарын қағаз бетіне түсірді. Байқау соңында үздік жұмыстар бағаланып алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.

Мақсаты: Жастарды адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, ел рәміздерін қастерлеуге, халқының тегі мен тарихын білуге, ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздіктің тұғырын берік ұстауға, нағыз ұлтжанды, рухы мықты азаматтық қасиеттерді дәріптеуге тәрбиелеу.

Эссе байқауда Қазақстан болашағы-қазақ тілінде. Тіл халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын шыншылдығын көрсететін, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Тіл туралы заң-адастырмас Темірқазық.

Тіл-қазына, мұра, күнделікті еңбек, тұрмыс, өмір сүру қаруы. XXI ғасыр табалдырығында тұрған осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың бір жолы бар. Ол тағылымды тарихыңды таныту, өрелі мәдениетіңді өрістету, озық ғылымыңды көрсету. Ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық бар. 

Олар тілі, діні, саны және салт-дәстүрі. Осы төрт қазықтың ең маңыздысы-тіл. Ұлы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады» деп көрегендікпен айтып кеткен деп жазды жастар.

Эссені үздік орындаған студенттер Абдиев Жандос (Арнаулы кәсіптік колледж) , Жетпісбай Арайлым (Кентау гуманитарлық-техникалық колледж), Асилбекова Қарлығаш (Кентау колледж) үздік алғыс хаттымен және эссе байқауына қатысқаны үшін қалған студенттерде алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталынды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер