Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» үздік еріктілерді марапаттады

Screenshot_4.jpg

2022 жылдың 25 қазан күні «Республика күніне» орай Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жыл бойына ерікті болып көзге түскен белсенді 

жастарды марапаттады. 

Оларды ынталандыратын бірыңғай жүйені, еріктілер қозғалысына серпін беретін ортақ стратегияны мемлекеттік деңгейде түзу – заман талабы. Бұл бағытта барлығымыз күш-жігерді жұмылдырып, түйткілдің түйінін тарқатудың жолдарын пысықтауымыз керек. 

Еріктілердің әлеуетін келешекте жоғалтып алмай, келешекте еліміздің беделін арттыруға бағыттау қажет. Оның өмірге жолдама алуы мемлекеттік деңгейде үйлестірудің жолдарын айқындауды талап етеді. Бәлкім, сіздердің көпшіліктеріңіз «еріктілер» немесе «қоғамдық» жұмыс деп аталатын жұмыс түрімен айналысып көрген боларсыздар. Дегенмен, бұл туралы ештеңе естімеген және «қандай жұмыс екендігін» де білмейтіндер де бар шыгар. Еріктілер жұмысына берілген анықтамалар да көп, мысалы:

«Еріктілер жұмысы – дегеніміз, қауымдастық немесе оның институттары мүддесінде жеке тұлғалардың немесе ұйымдардың өз еркімен атқарған қызметтері».

«Еріктілер жұмысы – бұл басқа адамдардың игілігі үшін саналы, ерікті және ақысыз қызмет ету. Саналы және риясыз басқа адамның игілігі үшін еңбек етіп жүрген кез келген адам ерікті болып саналады» «Еріктілер қызметі – дегеніміз, мұқтаж адамдарға риясыз, ерікті көмек көрсету, 

қалтқысыз қолдау көрсетуге бағытталған адам қызметінің ерекше үлгісі». Сонымен, «Ерікті» (ағылшын тілінен аударғанда volunteer – «өзі тіленіп жұмыс істеуші») – мұқтаж адамдардың немесе жалпы қоғамның мүддесінде тегін, ерікті түрде еңбек ететін адам. Еріктілердің халықаралық белгісі – қызыл V әрпі деді ұйымдастырушылар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер