Қарнақ ауылында түнгі рейдттік жұмыстары жүргізілді

Screenshot_5.jpg

Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Қарнақ ауылында түнгі рейдттік шаралар жүргізілді. 

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтын алдын-алу мақсатында 27-қазан күні мектеп инспекторлары мен мектеп ұстаздары Қарнақ ауылындағы барлық кафе-дүкендер мен ойын-сауық орындарына түнгі рейд жүргізді. 

Рейдттік жұмыстың мақсаты қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, жастардың беймезгіл уақытта жүрмеуін қадағалау және де бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігін күшейту болып табылады. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық  бұзушылық, қылмыстың пайда болуына әсер ететін факторлар. Қазіргі жасөспірімдердің көбінде автокөлігі, калталы ақшасы болады. Яғни, осы ақшаға жасөспірім шылым,алкоголь,наркотикалық заттар сатып алуына мүмкіндігі бар. Олардың өмірі біршама белсенді өтеді — кездесулер; ойын- сауық, би кештері; рок-концерттер; достарымен көкке, табиғатқа барады. Бірақ, бұлардың көбі кешке, түнде болып тұрады. Бұл кезде көшеде көп адам кездеспегендіктен, оларды бақылаушылар аз болғандықтан, жеткіншектер бұзақылық жасап, кейде ойын-сауық үшін кылмыс жасауға шейін барады.

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ — қоғамға, мемлекетке, тұлғаға кауіпті зиян келтіретін, қоғамға жат іс-әрекет. Құқық бұзушылық түрлері: азаматтық құқық бұзушылык (жеке адамға, азаматтың не ұйымның мүлкіне зиян келтіру), әкімшілік Құқық бұзушылык (мысалы, жол қозғалысының ережелерін бұзу), тәртіптік теріс қылық (жұмысқа келмеу), т.б.Құқық бұзушылықтың ең кауіпті түрі — кылмыс. Құқық бұзушылық заң бойынша тиісінше азаматтық, әкімш., тәртіптік, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Түнгі рейд барысында кәмелет жасқа толмаған оқушыларға сағат түнгі 22-00-ден кейін заңды өкілінсіз қабылдамауларын және сағат 23-00-ден кейін сауда жасамауларын заңды түрде түсіндіріп өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер