Мемлекеттік рәміздер - киелі құндылықтарымыз

Ағымдағы жылдың қараша айының 22 жұлдызы күні Түркістан қаласы Ерқанат Тәңірберген атындағы Индустриялды-педагогикалық колледжінің жоғарғы курс студенттері арасында “Мемлекеттік рәміздер-киелі құндылықтарымыз” тақырыбында кездесу өтті.

Screenshot_2.jpg

Кездесудің басты мақсаты жастар арасында Мемлекеттік рәміздердің құндылығы мен маңызын түсіндіру, сондай-ақ елімізге деген патриоттық сезімдерін арттыру болды. 

Жиналысқа “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің жастарға қызмет көрсету және жастар ісі мамандары қатысты. 

1992 жылдың 4 маусымында Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданып, алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Қазақстан халқы мерекені 21 жылдан бері атап өтіп келеді. Еліміздің мемлекеттік туын жасаумен 600 адам шұғылданып, комиссия қарауына 1200 рәміздер нұсқасы ұсынылған екен. Айтулы датаға орай жалпы халықтың «Бірлігіміз жарасқан» патриоттық жастар шарасы ел өңірінде сән-салтанатымен тойланып өткен болатын.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, мызғымас негіздерінің бірі. Елбасы Н. Назарбаевтың сөзімен айтар болсақ, "Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық санасы, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер". Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады. Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздері¬нің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы, мемлекеттік шекарасын айқындауы, төл теңгесін шығаруы сияқты аса маңызды егемендік си¬пат¬тарымен біте қайнасып жатыр.

Кездесу еркін форматта, студент жастармен сұрақ-жауап алмасу арқылы өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер