Келес ауданында республика күні аталып өтті

Screenshot_12.jpg

Келес ауданы әкімдігінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күні мерекесіне орай автошеру ұйымдастырылды. 

Шеру басында Мемлекеттік туымыз көкке көтеріліп әнұран шырқалды. Іс шараны Amanat партиясы Келес аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ахмет Абраманұлы ашып беріп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті. 

«1990жылы қазан айының 25 күні Жоғары Кеңесінің шешімімен декларация қабылданды. Сол сәттен бастап еліміз өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Ендігі кезекте осы мерекені кең көлемде атап өту бізге берілген үлкен мүмкіндік. Осы мүмкіндік арқылы жастарымыздың санасына патриоттық ой, өршіл рух беруіміз керек. Тәуелсіз елдің жастары еркін ойлы азамат болып өсуі қажет» деді Ахмет Абдраманұы. 

Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздерімі бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, мереке ретінде тойланады. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.

Абай ауылының ішкі көшелерін бір топ автокөлік Мемлекеттік туымызды көтеріп жүріп өтті. Автошеру барысында Мемлекеттік рәміздеріміз ұлықталды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер