Жастар болашаққа салынған инвестиция

Screenshot_11.jpg

Келес ауданы әкімдігінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің "Талдау, мониторинг және әлеуметтік зерттеулер бөлімінің" ұйымдастыруымен ауыл және ауылдық округ инспекторларының жұмыстары қорытындыланды. 

Қорытынды есепті Жастар ресурстық орталығы КММ-нің директор орынбасары Сабит Еркебайұлы жеке өткізіп есептерін тыңдады. 

Ауыл және ауылдық округ инспекторларының өзіне қарасты ауылдарында жастар саясатының даму және жүру барысы туралы есепті тыңдай отыра нәтижелі жұмыс көрсету керектігі айтылды. 

"Кез келген ауылда, ауылдық округтерде талантты, өнерлі, білімді жастар бар. Біздің басты мақсатымыз сол ауылда көрінбей жүрген жастарды қоғамға тарта отырып, іс-шараларға белсене араласуына ықпал жасауымыз керек. Біз сол жастардың ертең тұлға болып қалыптасуына бірден бір дәнекерші адамдармыз. Осы жұмыста біздің алдымызда бірақ мақсат бар- ол жастар саясатын дамыту. Бүгінгі жастар үшін атқарылып жатқан игі істер мен сарабдал саясаттың негізгі мақсаты – болашақтың кемел болуы үшін жасалған дүниелер. Жастар жылы деп аталған бұл жылда жастар игілігіне атқарылып жатқан істер аз емес. Десе де, бұл жастардың жеке бас қамдары үшін емес екені мәлім. Әрбір жасалып жатқан істің артында үлкен аманат бар. Себебі ел ертеңі жастар болғандықтан, олардың қазіргі хал-ахуалы, тәлім-тәрбиесі, алып жатқан білімі – бәрімізге маңызды болуы тиіс. Елдің айнасы – жастар. Егемендікті сақтайтын да – болашақ ұрпақ. 

Жастар – ілгері дамудың негізгі қозғаушы күші, еліміздің дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы, еліміздің салтын, дәстүрін келер болашаққа жеткізуші көпір. Көпірдің нық салынуы – оған бөлінген қаржы мен сапаға байланысты. Ендігі кезек, жастардың өздеріне артылған жауапкершілікке тиянақты болып, берілген мүмкіндікті пайдаланып әрбір азаматтың көшбасшы болуға атсалысуында. Бәсеке мен озық білім бар жерде ілгері жылжу бар, даму бар." деді Сабит Еркебайұлы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер