Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Screenshot_10.jpg

Келес ауданы әкімдігінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің "Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі" секторы мамандары отбасындағы "Зорлық-зомбылықтың" алдын алу мақсатында халық көп шоғырланған жерлерде үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Отбасындағы зорлық-зомбылық бұл - қазіргі біздің дамыған қоғамымыздағы   көкейкесті мәселе, нәтижесінде одан жиі әйелдер зардап көреді . Нәтижесінде отбасыларының шаңырағы бұзылып, балалар зардап шегеді. Ең бастысы зорлық-зомбылық кей жағдайларда ауыр қылмыстардың  орын алуына алып келеді. Тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы тұруына, тіпті ол басқа отбасында орын алса да, қатыспай қалуы әрбір азаматтың міндетіне жатады. Өйткені, тек бәріміз бірге ғана  аталған жамандыққа тойтарыс бере аламыз.

Осы орайда психологтардың мәлімдеуінше,тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемалары қоғам үшін өзекті мәселеге айналды. Еліміздің Президенті былтырғы Жолдауында әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды міндеттеді. Осы орайда балалар құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл – басымдығымыз болуға тиіс. Биылғы жылы да балалар құқығын қорғауға басты назар аударылды.

Қазіргі кезде Мәжілісте «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер