Мекеме қызметкерлері волейболдан жарысқа түсті

Screenshot_9.jpg

Келес ауданы әкімдігінің " Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Ұшқын ауылдық округінің мекеме қызметкерлері арасында ауыл әкімі кубогының жүлдесіне мекеме қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті. 

Жарыста ауылға қарасты білім беру мекемелерінен, ауыл әкімішілігінен, "Қызыл Таң" шекара заставасының қызметкерлері және ауыл жастарынан құрылған 7 команда қатысып өзара жүлдені сарапқа салды. 

Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Нәтижесінде жүлделі 3-орынды ауыл тұрғындарынан құрылған "Ұшқын командасы" 2-орынды Ұшқын ауылдық округі әкімшілігінің командасы 1-орынды №20 Т.Бердияров атындағы жалпы орта мектебінің командасы қанжығаларына байлады. 

Тұрақты физикалық жаттығулар көңіл-күйді көтереді және стресспен күреседі. Арықтауға көмектеседі. Физикалық белсенділік – метаболизмді арттырып, қосымша калорийлерді азайтуға ықпалын тигізеді. Спортпен шұғылдану – иммунитетті және төзімділікті арттырады. Тез ұйықтауға көмегін тигізеді. Спорттық іс-шаралар денеден көп күш алады, сондықтан ұйқы ұзақ және күшті болады. Дене шынықтыру кезінде өкпеде өзгерістер пайда болады. Өкпенің дұрыс жұмыс істеуіне байланысты, бронхит және пневмония аурулары туралы ұмытуға болады. Жаттығулар жасау кезінде, жүрек-тамыр және жүйке жүйелеріне жақсы әсер ететін эндорфиндер шығарылады. 

Мидың ойлау және есте сақтау қабілеттеріне тигізетін пайдасы үлкен. Созылмалы аурулардың пайда болуының басты себептерінің бірі – дене белсенділігінің болмауы. Жаттығулар қан айналымын жақсартады және адамның сүйегін қатайтады. Спорт – адамның денсаулығын қалыпқа келтіретін құрал. Оның қандай түрін таңдасаңыз да, ең бастысы одан рахат алу дейді жарысты ұйымдастырушылар.

Жүлделі ойыншыларға және командаларға ауыл әкімі атынан арнайы алғыс хат және кубоктар табысталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер