Ауыл жастары кіші футболдан жарысты

Screenshot_8.jpgКелес ауданы әкімдігінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен спорттың кіші футбол түрінен Қошқарата ауылдық округінің жастары арасында жарыс ұйымдастырылды. 

Аталмыш жарысқа Бесқұбыр ауылының әр жылғы жастағы азаматтары қатысып, жүлдені өзара сарапқа салды. 

Кәсіпкер ағамыздың демеушілегімен өткізілген жарыс тартысты әрі қызықты өтті. 

Нәтижесінде жүлделі 3-орынды «1999» жылғы жігіттер, 2-орынды «1993» жылғы жігіттер, 1-орынды «1987» жылғы жігіттер қанжығаларына байлады. Осындай үрдіске айналған жарыс көптеп өткізіліп тұрады. Мұндағы басты мақсат ауыл жастарының спортқа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ауызбіршілікке шақыру.

Жалпы Түркістан облысында бұқаралық спортты дамытуда басымдық танытылуда. Қазіргі таңда аймақта дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 600 мыңнан астам азаматты құрап, жалпы халықтың спортпен қамтылуы 30 пайыздан жоғары көрсеткішті құрап отыр. 

«Қазіргі таңда облыстағы аудан, қалалардағы халқы 1 мың адамнан асатын жергілікті округ әкімдіктеріне дене шынықтыру және спорт саласына жауапты нұсқаушы-әдіскер штаттық бірліктерін ашу жұмыстары жүргізілді. Жалпы, жаңарған Түркістанмен бірге облыс орталығында ондаған спорттық ғимарат ел игілігіне берілді. Кезінде Октябрьдей оғлан, Әбдісаландай саңлақ, Бекзаттай жарық жұлдыз шыққан өлкеден әлі талай чемпиондар шығатыны анық. Осыған байланысты біз мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Тұран» спорт клубын, «Түркістан» кәсіпқой бокс клубын, нысана көздеу және спорттың ұқсас түрлері мектебін, балалар мен жас-өспірімдердің мамандандырылған футбол мектебін және құрамында спорттық және көркем гимнастика, велоспорт түрлері, семсерлесу, ауыр және жеңіл атлетика, су спорт бөлімдері енгізілген «Кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебін» ашылды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер