Келес ауданы әкімдігінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің "Жастарға қызмет көрсету" бөлімінің бастамасымен ауыл және ауылдық округтердегі жастармен кездесу өтті.
Мемлекеттік бағдарламалар соның қатарында "Жастар практикасы"," Серпін-2050", "Жас кәсіпкер"," Дипломмен ауылға", "Болашақ" бағдарламалары болды.
Елімізде қабылданған 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады.
Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары.Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі сынды бағыттарды көздейді.
Сонымен бірге 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар жеті маңызды жүйелі реформаның және жеті басым саясаттың төңірегінде құрылған, олар 2025 жылға дейінгі кезеңде елдің экономикасы мен әлеуметтік өмірінде жүзеге асырылатын болады. Елдің әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы прогресін өлшеу үшін негізгі ұлттық индикаторлар мен халықаралық индекстер айқындалды.
Ал Кездесуге келген жастарға мемлекеттік бағдарламалармен қатар психологиялық кеңестерде берілді.