IV облыстық оқушылар айтысы өтті

Түркістан облысының білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 7-11-сынып оқушылары арасында IV облыстық оқушылар айтысы өтті. 

Мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін жырлау: тарихқа үңілу, егемендік жолында ерлік еткен тұлғалардың есімін оқушы санасында қайта жаңғырту, оқушыларды ана тілін, төл мәдениетін, туған тарихын құрметтеуге шақыру.

Айтыс жеңімпаздары Бас жүлде, І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, Алғыс хат және ақшалай жүлдемен марапатталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Ал Бас жүлдеге ие болған оқушы республикалық айтысқа қатысуға жолдама алды.

Айта кетейік: Бас жүлде Тоқсанбай Рахат Мақтаарал ауданы, М.Ғабдулин атындағы жом

І – орын Қасымбек Шұғыла Төлеби ауданы, «Ақбастау» жом оқушысы.

ІІ – орын Сәуірхан Сұлтан Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқоа атындағы жом оқушысы. Болат Мейіржан Түркістан қаласы, №20 жом оқушысы

ІІІ – орын Қуаныш Аян Қазығұрт ауданы, «Жаңатірлік» атындағы жом оқушысы. Қосыбай Қанат Бәйдібек ауданы, Есіркеп атындағы жом оқушысы. Өтебай Ардақбек Б.Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп –интернатының оқушысы.

Одан өзге, оқушылар шешендік сайыста жарысты. Шешендік сайыстың барлық кезеңінде қатысушылар шешендік сөз, шешендік толғау, нақыл сөз, көсем сөз, тұрақты тіркес, теңеулер, мақал-мәтелдерді мейілінше пайдаланып, шешендігін, ой ұшқырлығын, білімін, тәрбиесін және образды ойлау деңгейін көрсетті.

Байқаудың жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом, Алғыс хаттармен марапатталды. Жүлдегерлерге қаржылай және бағалы естелік сыйлықтар берілді.

Бас жүлде Балтабай Әсел, І – орын Абдукарим Адина ІІ – орын Байзақ Балзия,

ІІІ – орын Құраш Қайсарға берілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер