Түркістандық қос ұстаз «Үздік педагог» мәртебесін иеленді

“Үздік педагог” республикалық байқауына қатысуға аудан/қаладан барлығы 835 ұстаз өтінім берген. Оның 85-і облыстық кезеңге өтті. Ал, байқаудың республикалық ақтық кезеңіне Түркістан облысының намысын 5 ұстаз қорғады.

Screenshot_15.jpg

Нәтижесінде Түркістаннан 2 ұстаз “Үздік педагог” мәртебесін алды.

Атап айтсақ, Исаев Жанасыл Жангелдіұлы, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласындағы «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі. Біліктілік санаты- педагог-зерттеуші. Оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының облыстық, республикалық кезеңінің жеңімаздары.

Расулов Жасур Бахтиярович- Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласындағы «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі. Біліктілік санаты- педагог-зерттеуші. Оқушылары физика пәнінен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде, ғылыми жобалар конкурсы бойынша республикалық кезеңінде, Республикалық Президенттік олимпиада және Қазақстан Білім олимпиадасының жеңімпаздары атанған. 

Айта кету керек, "Үздік педагог" атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжат тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар ұстаздар үміткер бола алады. Бұл балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері.

Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі. республикалық "Үздік педагог" байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында байқау аясында мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 600-ге жуық үздік педагогі анықталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер