"Үздік әлеуметтік педагог" қалалық байқауы өтті

Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы “Білім беруді дамыту орталығы” КММ-нің №806 санды хатына сәйкес, №24 М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебінде “Үздік әлеуметтік педагог” қалалық байқауы өтті.

Screenshot_16.jpg

“Үздік әлеуметтік педагог” байқауына білім беру ұйымдарынан 15 әлеуметтік педагог қатысты. Ережеге сай, қатысушы педагогтар өздеріне берілген тақырыпты қорғап, күнделікті болып жатқан түрлі жағдайлармен байланыстыра отырып атқарылған жұмыстарын көрсетті.

Педагогтардың тақырыптары толығымен ашылып, байқау соңында сұрақтар қойылып, педагогтарға кемшілік тұстары айтылды.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде №24 М.Шоқай атындағы жом әлеуметтік педагогы Төребек Нұргүл алып, облыстық кезеңге жолдама алды.

Сонымен қоса,

I орын С.Рахимов атындағы мектеп, Исаханов Дилизад;

II орын М.Маметова атындағы №6 мектеп, Арысова Сәуле;

ІІІ орын Ғ.Мұратбаев атындағы №5 мектеп, Отарбаева Лаззат. 

Әлеуметтік педагог өз қызметтік мақсатын жүзеге асыру барысында мына

міндеттерді атқарады. Мәселен, мектепте, отбасында, өмір сүру ортасында, жастар мен балалар қоғамдарында және ұйымдарында баланың тұлғалану үдерісінің дамуына тікелей әсер ету. Баланың құқықтары мен қызығушылықтарын, түрлі инстанцияларда және мектепте баланың қорғанышы ретінде өзі немесе басқа да мамандарды қатыстыра отырып қорғайды. Бала тәрбиесінде отбасына әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету. Тұлғалану үдерісіне кері әсерін тигізетін әлеуметтік қатерлі отбасыларын анықтайды. Қорғаншы мен қамқоршыларды қажет ететін балалар мен жастарды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді. Салауатты өмір салтын ұйымдастыру мәселелерімен айналысады, оқушылардың ақыл-ой және физикалық дамуына байланысты түзету-оңалдыру әрекетін ұйымдастырады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер