Түркістан облысы, Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес, 2022 жылдың 17 қараша күні аудандық әдістемелік кабинетінің тарих-география пәндерінің әдіскері Уразбаев Дәулетқали Мархабатұлының ұйымдастыруымен «Жиынбай» жалпы орта мектебінде Тарих, география пән мұғалімдеріне арналған «Пәнді оқытуда функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды құрастырудың тиімді жолдары» тақырыбында аймақтық тәжірибелік - семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Функционалдық тапсырмаларды тиімді қолдану арқылы, білім алушылардың білім сапасын көтеру. Мектеп оқушысының функционалдық сауаттылық және креативті ойлау қасиеттерін дамыту жолдарын айқындау.
Семинар барысында тарих және география пән мұғалімдері заманауи технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдаланып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар мен коучинг өткізді.
І бөлімінде төмендегі мұғалімдер үлгілі ашық сабақтар өткізді.
1. «Қоршаған орта сапасы» Жолбарисова Нұргүл.
2. «Қазақстандағы ұлттық автономиялар» Мұздыбеков Еламан.
3. «Карахан мемлекеті» Турабаева Маржан.
ІІ бөлімінде:
«Жиынбай» жалпы орта мектебінің география пән мұғалімі Жолбарисова Нұргүл «География сабағында PISA халықаралық зерттеуі тапсырмаларын тиімді қолдану арқылы - білім сапасын арттыру» тақырыбында, Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің география пән мұғалімі Нұрғалиев Сакен «География пәнінен функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды құрастырудың тиімді жолдары» тақырыбында шебер сағат, А.Макаренко атындағы жалпы орта мектебінің тарих пән мұғалімі Ақылбекова Разипа «Іс әрекеттегі зерттеу мектептегі тәжірибені жетілдіру» тақырыбында кочинг, тренингтер мен шебер сағаттар өтті.