Республикалық ТОП-100 студенті байқауында түркістандық 5 үздік студент жеңімпаз атанды

Ағымдағы жылдың шілде айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстанның» жастары үшін үш маңызды басымдықты: білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік, патриоттық сезімнің болуы қажеттігін атай келе, «Болашақтың кілті цифрлық технология мен инновацияда. Жас қазақстандықтар бүгінде бірнеше тілде еркін сөйлейді және ең озық кәсіптерді игеруде. Олар болашаққа үлкен жоспарлар жасайды. Азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ете отырып, жастарымыз бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Әр жастың мақсаты болуы керек. Тек білімді және білікті жастар ғана алға қойған мақсаттарына қол жеткізе алады. Мемлекет жастардың жаңа идеялары мен ұсыныстарына әрқашан ашық», - деген болатын.

Screenshot_18.jpg

Дарынды жастарды қолдау, жұмысшы біліктіліктерін және білімі, дағдылары мен таланттарының арқасында жетістікке үздік колледж студенттерін дәріптеу мақсатында өткізілген «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауында Түркістан облысының 5 студенті топ жарды.

Егемендік — əр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт. Бұл тарих үшін аса көп уақыт емес. Осы жылдар ішінде еліміз басынан үш дағдарысты өткерген екен. Аталған қиын-қыстау кезеңдер еліміздің шыдамдылығы мен төзімділігін қайрап, бүгіндері біздің Еуразиялық экономикалық кеңістікті құру секілді бірқатар басым батыл қадамдармен алға жетелеуде дейді жастар.

Жалпы елімізде жастарды қолдау мәселесі өзінің оң шешімін тапқан. Соның ішінде айтар болсақ, мемлекет талантты жастарды шетелдің маңдайалды оқу орындарында оқытып, мамандық алуына жағдай туғызып келеді. Өйткені, әлем дамудың жаңа деңгейіне ауысып жатыр. Барлық игілік жоғары технологияны игергендердің пайдасына шығып жатқанын жұртшылық көріп отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер