Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебінде «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылық тапсырмаларын кіріктіру арқылы сапалы білім беру» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті.
Жетекші мектептің қызметі - дайын білімді тереңдетуге және жетілдіруге бағыт беру, кәсіби дамуға ықпал ету, серіктес мектептерге қолдау көрсету. Басты ұстанатын қағида білім сапасын жақсарту, өзгерістерге ашық болу, сол бағытта белсенді жұмыс жүргізу, шаралар жоспарлау, үнемі ізденісте болу, кәсіби дамуға ерекше көңіл аудару.
Жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері ашық сабақтар барысында Wordwall, Plickers, quizizz және joyteka білім платформаларын пайдаланып, ерекше сабақ өтті. Оқушылардың АКТ сауаттылығы жоғары деңгейде екендігін көрсетті.
Жаратылыстану пәндерінің мақсаты туралы ой қозғаған ұйымдастырушылар білім сапасын артыру негізгі мақсат болып табылатынын айтады.Сонымен бірге жаратылыстану пәндерінің білім сапасын жаңа талапқа сай бағыттау және сабақта қолдану. Және ең соңғысы жан-жақты дамыған, өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмысының озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану.
Ал міндеттеріне келсек, жаратылыстану пәндердің сапасын жаңа технологиялық әдістер арқылы арттырады. Оқушылардың білімге деген, табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятады. Пәндерді басқа пәндермен және экология саласымен байланысты нығайтады. Мектептегі жаратылыстану-математика пәндерінің білім сапасын жоғары деңгейге көтереді. Жеке тұлға ретінде дербес ізденуге баулиды. Білім сапасын көтеру жолында оңтайлы технология іздендіреді. Қабілеті жоғары балаларды шығармашылық нәтижеге ұмтылдырады. Әр түрлі сайыстар мен байқауларда жеңімпаздар тәрбиелеуге қол жеткіздіреді. Ақпараттық технология түрлерін меңгерту, сабақта қолдануға үйретеді.