Жұмыс берушінің жүзі жарық

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен бүгін республика бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні аталып өтті.

Screenshot_21.jpg

Іс-шара мақсаты - экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен колледждер арасында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату.

Ашық есік күніне:

- қамқорлық алған кәсіпорындар (ұйымдар);

- дуальды оқытуға қатысатын кәсіпорындар;

- мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар;

- колледжбен ынтымақтасуды жоспарлап отыратын кәсіпорындар;

- жергілікті атқарушы органдар;

- «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы;

- жұмыс берушілер қауымдастығы;

- ТжКБ мәселелері бойынша өңірлік, салалық кеңестер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, бұл күні облыс бойынша «Жас маман» жобасын іске асырып отырған 9 колледжде (техникалық, ауылшаруашылық және IT саласы бойынша) құзыреттілік орталықтары ашылды. 

Айта кету керек, жұмыс беруші — жұмыс күшін жалдаушы. қазақстанда жұмыс берушіге жалдамалы еңбекті пайдаланушы, заңдарда белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен кез келген отандық және шетелдік заңи немесе жеке тұлға (соның ішінде шетелдік азамат, елде тұратын азаматтығы жоқ адам және еңбек шарты бойынша жұмысқа қабылдаушы жеке кәсіпкер, т.б.) жатады.

Жалпы осы күні Түркістан облысындағы колледждерде «Жұмыс берушілер күні» мерекесіне орай әлеуметтік серіктестіктердің, басшылардың, жұмыс берушілер қауымдастығы өкілдерінің, өндірістік кеңес өкілдерінің және демеуші кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен кездесулер өтті.

Жұмыс берушілер күні аясында колледждерге оқу сапарлары, сондай-ақ «Академиялық тәуелсіздік аясында жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл» кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша интерактивті алаң, сәндік-қолданбалы өнер, техникалық өнер көрмелері, шеберлік сағаттар өткізілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер