"Үкілі үміт" өнер фестивалі өтті

Түркістан облысы, Төлеби ауданының 90 жылдығына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай мүмкіндігі шектеулі дарынды да өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, олардың шығармашылықтарына қолдау көрсету, өмірге деген құштарлығын арттыру мақсатында «Төлеби аудандық мәдениет үйі» МКҚК-да мүмкіндігі шектеулі балалар арасында аудандық «Үкілі Үміт» өнер фестивалі өтті.

Фестивальде «Үздік орындаушы» номинациясы бойынша Ұлас Рысқұлбек, «Үздік жасампаз» - Севинч Акилова мен Бердібек Мадяр, «Үздік би» номинациясы бойынша қатысқан би туындысы «Алаш Ұлдары» (10 оқушы) қатысып, ІІ – дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Осы жылдың тамыз айында Қостанай қаласында өткен грек-рим күресінен есту қабілеті төмен жасөспірімдер арасында аталған мектеп-интернат тәрбиеленушісі Асқар Дарын, Қазақстан Республикасының чемпионатында (45 келі салмақта) І орын, еркін күрестен ІІ орын иеленді.

Айта кеткен жөн, 1932 жылы құрылған Төлеби ауданы биыл 90 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерекені аудан халқы толағай жетістіктермен қарсы алып отыр. Атаулы датаны жоғары деңгейде өткізу мақсатында жоспар түзіліп жұмыстар кестеге сәйкес атқарылды.

Мәселен, Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Орталық саябақта жаңа үлгідегі ардагерлер үйі пайдалануға тапсырылды. Бұл нысанға аудан бюджетінен бірде бір тиын жұмсалмады. Кәсіпкерлер ақсақалдар өздері бірлесіп осындай тарту жасады. Ғимараттың ішінде 40-50 орындық қымызхана, одан бөлек шахмат ойнайтын орын. Ал әжелерге керемет жабдығымен  асхана бар. Ауданның мерейтойына тағы бір тарту- ол спорт кешені. Бұл әлеуметтік нысан асар тәсілімен бой көтерді. Спорт ғимаратында өлшемі 30*13, ал биіктігі 6 метр күреске арналған залда екі татами бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер