«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндік

20 қараша - Дүниежүзілік балалар күні. Қазақстан Республикасы 1994 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Осы ретте Дүниежүзілік балалар күніне танымдық, тақырыптық, мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу 2022 жылдың 10 -20 қараша аралығында Түркістан облысының барлық аудандарында жоспарланып, межеге сай өткізілді.

Республикалық онкүндік:

- Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуге;

- Балалар жылына арналады.

Республикалық онкүндікке білім беру ұйымдарының оқушылары, жетім және ААҚҚ балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері, мемлекеттік органдардың, педагогикалық, ата-аналар қоғамының, бизнес-құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Онкүндік мақсаты - мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың тб. күш-жігерін балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру және қоғам назарын аудару. 

Жалпы елімізде 6 млн 330 мың 18 жасқа дейінгі бала бар.

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын реттейтін және кепілдіктерін айқындайтын 45-тен астам нормативтік құқықтық акті қабылданды.

Қазақстан Республикасының Конституциясында (27-бап) неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады делінген.

“Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы" заңына сәйкес тегіне, нәсіліне және ұлтына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге деген көзқарасына және тұрғылықты мекенжайына қарамастан барлық баланың құқықтары тең.

Республикада 10 712 мектепке дейінгі ұйым бар, оның 6 109-ы мемлекеттік, 4 603 ұйым жекеменшік. Онда 864 900 бала немесе 1-6 жастағы балалардың жалпы санының 75,4% қамтылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер