Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалындағы туристік-спорттық лагерінде «Тұран скауттар әскери патриоттық қозғалысы» слетінің жабылу салтанаты өтті.
Слеттің жабылу салтанатында «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің директоры Сәуле Өмірсерікқызы барлық қатысушылар мен жетекшілерге алғысын білдіріп, жеңімпаз топтарды құттықтады.
«Скауттық барлау» және «Туристік кедергілер жолағы» кезеңдері бойынша:
І орын – Төлеби ауданы, «Төлеби 1» тобы, жетекшілері Баймусаев Ғалымжан, Оразбек Демеу.
ІІ орын – Сауран ауданы, «Қызыл әскер» тобы, жетекшісі Мантай Әділбек
ІІІ орын – Түркістан қаласы, «Эверест» тобы, жетекшісі Мәшүр Серік, Усерова Гулдана.
«Жас скаутшылардың ұраны мен саптық жүрісі» кезеңі бойынша:
І орын – Отырар ауданы, «Отырар» тобы, жетекшісі Жүнісбеков Наурызбай
ІІ орын – Созақ ауданы, «Созақ» тобы жетекшісі Джанкоразова Лаура
ІІІ орын – Қазығұрт ауданы, «Қазығұрт» тобы жетекшісі Балабай Ғанизат
Бивуакты ұйымдастыру (сұрақ-жауап) кезеңі бойынша:
І орын – Сайрам ауданы, «Сайрам 1» тобы, жетекшісі Райымбек Бинур
ІІ орын – Жетісай ауданы, «Жетісай» тобы, жетекшісі Ауелов Айдос
ІІІ орын – Келес ауданы, «Келес» тобы, жетекшісі Рысжанова Замира
Слеттің жеңімпаз топтарына дипломдар мен сыйлықтар табысталып, жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.
Скауттар өзара тәжірибе алмасып, күштерін сынады, скауттар қозғалысын қалыптастыру элементтерін үйренді. Слет аясында бағдар алу және туристік кедергілер жолағынан өту элементтері бар, спорттық және танымдық ойындар, кешкі шаралар ұйымдастырылды.
Жарысқа «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-не қарасты қала, аудандық бөлімдердің құрама топтарынан жалпы саны 150 үйірмеші қатыстырылды.
Басты мақсат — оқушылардың туристік ептіліктері мен шеберліктерін арттырып, топтар арасынан үздік туристік топтарды анықтау. Балалар құтқару жұмыстарын үйреніп ғана қоймай, төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жағдайда алғашқы көмек көрсетуді үйренеді. Нәтижесінде, скауттар қозғалысының шеберліктерін меңгереді.