Ағымдағы жылдың 10-11 қараша күндері Ақтау қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық “Әбіш оқулары” байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Байқау мақсаты - мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту. Сондай-ақ, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары қалыптастыру.
Байқауға Түркістан облысынан 4 бағыт бойынша 8 оқушы қатысып, барлығы жеңіспен оралды.
“Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу” бағыты бойынша:
Келес ауданы, №1 О.Есімов атындағы жалпы орта мектебі, 8 сынып оқушысы Жолдасбек Айтжан -жүлделі II орын;
Ә.Кекілбаев шығармаларын (проза, поэзиясынан ) мәнерлеп оқу бойынша:
Отырар ауданы, Ж.Жабаев атындағы мектеп-лицейі, 10 сынып оқушысы Дербіс Ұлназ -жүлделі III орын;
Ә.Кекілбаевтың шығармаларын зерделеу жобасы бойынша: Сарыағаш ауданының Дарын №4 мамандандырылған мектеп-интернаты, 9 сынып оқушысы Ибрагим Мирас - жүлделі III орын;
Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым бойынша:
Мақтаарал ауданы, С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебінің 5 оқушысынан құралған командасы -жүлделі II орын
Қожақұл Бекзат, 10-сынып оқушысы;
Куринбаев Саят, 8-сынып оқушысы;
Қарсыбаев Оңалсын, 11-сынып оқушысы;
Жантөреев Жандос, 9-сынып оқушысы;
Алтыбаева Ақбота, 10-сынып оқушысы.
Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан Маңғыстау облысы Оңды ауылында дүниеге келген. Бала Әбіш үш жаста болғанда, әкесі соғысқа аттанып, сол күйі оралмаған. Кекілбайдың дүниеден өткенін отбасы бірнеше жылдан кейін ғана білген. Болашақ жазушы анасы Айсәуле Жұмабайқызының қолында өседі. Айсәуле Жұмабайқызы ел ішінде аты шыққан бидің отбасында туған.