Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 15 қараша күні республика бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні өтті. Аталған іс-шара Түркістан облысының колледждерінде де ұйымдастырылды.
Мақсат - экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен колледждер арасында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату.
Қатысушылар (мақсатты аудитория) - басшылар және (немесе) өкілдер: қамқорлық алған кәсіпорындар (ұйымдар), дуальды оқытуға қатысатын кәсіпорындар, мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар, колледжбен ынтымақтасуды жоспарлап отыратын кәсіпорындар, жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жұмыс берушілер қауымдастығы, ТжКБ мәселелері бойынша өңірлік, салалық кеңестер, бұқаралық ақпарат құралдары.
Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасы (өңірлік білім басқармасымен келісіліп ТжКБ ұйымының басшысымен бекітіледі).
Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасына мынадай іс-шараларды енгізу ұсынылды. Біріншіден жұмыс берушілер үшін колледж бойынша танысу экскурсиясы (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар, «Жас маман» жобасы бойынша құзыреттілік орталықтары). Екіншіден оқытушылар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша кездесулері. Үшіншіден, кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті негізгі нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру (академиялық тәуелсіздік, дуальды оқыту, кәсіпорындармен колледждерді қамқорлыққа алу, мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысы, кәсіпорындарда мұғалімдердің тағылымдамасы және т.б.). Және ең соңғысы жетекші кәсіпорынның жұмыс тәжірибесі (слайд көрсету, кәсіпорынды дамытудың жетістіктері мен перспективалары туралы бейнематериал, колледжбен ынтымақтастық, түлектерді жұмысқа орналастыру, мұғалімдердің тағылымдамасы).