«Үздік педагог- 2022» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтерді анықтау мақсатында облыстық «Үздік педагог-2022» байқауы өтті. Нәтижесінде, төменде аталған педагогтер үздік деп танылып, байқаудың ІІІ республикалық кезеңіне жолдама алды.
1. Атчабарова Акмарал Елемесовна - Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер. ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі иегері.
2. Исаев Жанасыл Жангелдиулы – Мамандандырылған Кентау «Дарын» мектеп интернатының математика пәнінің мұғалімі, педагог зерттеуші. Казақстан математика қауымдастығы ассоциациясының ұйымдастыруымен өткен математика пан мұғалiмдерiне арналған олимпиадада ІV-орын.
3. Алиманов Олжас Ретбайұлы – Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі, педагог-шебер. ҚР БҒМ министрі “Құрмет грамотасы”, (2018 ж).
4. Расулов Жасур Бахтиярович – Мамандандырылған Кентау «Дарын» мектеп интернатында педагог-зерттеуші. Ұлт жоспары мен Үштілділік саясаты аясында жаратылыстану-математикалық пәндерін ағылшын тілінде жүргізгені үшін «Алғыс хат» иегері. Нұр-Сұлтан қаласы, (2019-2020 ж).
5. Тулеева Жанат Мырзашовна - Кентау қаласындағы Т. Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-шебер. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. (2022 ж).
Айта кетейік бұл конкурсқа 87 педагог, 54 жом педагогтері, 13 дарындар, 20 колледж қатысты.