Прокуратура – құқық қорғау органдарының түпқазығы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының бесінші бағдарын «Заң және тәртіп» деп алып, сот және құқық салаларын реформалау туралы ойымен бөліскен болатын. Оның маңызына терең тоқталған Президент Әділет министрлігіне заң шығару қызметінің сапасын арттыруды тапсырған болатын.

Screenshot_39.jpg

Мемлекеттік билік органдарының жүйесінде прокуратураның алар орны ерекше. Жоғары қадағалау жасауға конституциялық өкілеттігі бар бұл салаға Отанымыздың игілігі үшін қызмет ету, заңдылықты сақтау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау міндеті жүктелген.

Егемен еліміздің прокуратура жүйесінің даму тарихы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарына тұспа-тұс келеді. 1991 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстан КСР Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен Қазақ КСР Бас прокуратурасына бағынатын бірыңғай прокуратура органдары жүйесі құрылған болатын. Ал 1992 жылдың 17 қарашасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен «Қазақстан Республикасының  прокуратурасы» Заң күшіне еніп, соған сәйкес прокуратура Жоғарғы кеңеске есеп беретін, Заңдардың орындалуына тиісті деңгейде қадағалауды жүзеге асыратын орган болып бекітілді. Содан бергі уақытта Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы кәсіби, мықты да мығым, дербес конституциялық құрылым ретінде қалыптасу кезеңінен өтті. Бүгінде Мемлекет басшысының Жолдауларынан туындайтын міндеттер мен бағдарламаларды басшылыққа алып, Конституциялық талаптардың орындалуын заң тұрғысынан бақылауда ұстап келеді.

Міне бүгін атаулы мереке Ел Тәуелсіздігінің 31 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы бір қадірлі де, қасиетті мерекенің алдында аталып өтілетін прокуратура күніне орай ардагерлерімізді, барша прокуратура қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық тілеймін!

Біз прокуратура тарихының шежірелі де қазыналы парақтарын, прокурорлық қызметтің маңдайалды майталмандарын айрықша мақтан тұтамыз. Саналы ғұмырын заңға және құқыққа адал қызмет етуге арнаған прокуратура ардагерлерінің өнегелі өмірлері жоғары кәсібиліктің және мамандыққа деген адалдықтың озық үлгісі болып табылады. Ұлы Отан соғысында прокуратураның талай қызметкері жанқиярлықпен шайқасып, қайтпас қаһармандық танытып, тарихта өшпес ерлік іздерін қалдырды.  

Сондай-ақ осы салада еңбек етіп жоғары шен шекпенге жеткен азаматтар да аз болмады. 

Әділет саласында тәуелсіздік жылдарында, оған дейін жұмыс істеген Саурандықтардың ерлігімен, әрі қызметтің биік шыңынан көрінген аталарымызбен, ағаларымызбен әркез мақтан тұтамыз.

Алда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтқан талаптарын толығымен жүзеге асып, осынау жауапты бағытта шынайы қадамдарға айналуына ықпал ететін боламыз. Сонымен бірге бұл міндеттерді жауапкершілікпен орындау прокурорлар корпусының қолынан келетіндігіне кәміл сенемін.

Тағы да прокуратураның барша қызметкері мен ардагерлерін тәуелсіз Қазақстанның одан әрі гүлденуі жолында жасап жатқан жасампаз қызметтеріне толайым табыс тілеймін!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер