Білім мен тәрбие биігінен көрінген мектеп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» деп білім саласына айрықша мән берген болатын.

Screenshot_25.jpg

Білім мен тәрбие биігінен көрініп жүрген білім ошақтары елімізде аз емес. Соның бірі Сауран ауданындағы «Иқан» жалпы орта мектебі.

Мектеп – киелі, қадірлі мекен. Өйткені, ол – білімнің, тәрбиенің ордасы, келешек буынның тәрбие бесігі, ардақты ұстаздардың «екінші отбасы». Мектептің абыройы оның ішкі-сыртқы безендірілуінен бастап, ондағы берілетін білімнің сапасы, оқушы мен ұстаздың көрсеткіштерімен айқындалады. Соған байланысты біз де бүгінгі үлкен жетістіктерімізбен бөліскіміз келіп отыр.

Сауран ауданындағы Ескі Иқан ауылында орналасқан «Иқан» жалпы орта мектебі жылдар бойы өз жетістіктерімен дараланып, 2013-2018 жылдары «Республикадағы ең үздік 100 мектеп» қатарына енген білім ордасы болып есептеледі. Бұл білім ошағы бүгінгі таңда ауыл мектептері арасында мақтанарлықтай нәтижеге қол жеткізіп, ең үздік мектеп екендігін тағы бір рет дәлелдеді. Атап айтқанда, 2021-2022 оқу жылында мектептің 35 түлегі мемлекеттік гранттардың иегерлері атанып, мектеп абыройын асқақтатқан болатын. 

Аталған білім ордасының басшысы М.Мамадалиеваның айтуынша, әр баланың жеке қабілет ерекшелігін ашу үшін пәндер бойынша өткізілген олимпиаданың орны ерекше. «Өткен оқу жылында мектебімізден қалалық деңгейде өткізілген пәндік олимпиадаға 32 оқушы қатысып, 26 оқушы жүлделі орынға ие болып, екі оқушы олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысты. Мектептер, оқушылар мен ұстаздар арасындағы аудандық, қалалық, облыстық, республикалық сайыстарда білім ошағының топ жарған кездері аз емес. Алайда, мектептің аты озып, сондай көрсеткіштерге қол жеткізуінде шәкірттерінің терең білім алуына ықпал жасаған сарапшы, зерттеуші, үздік педагогтардың үлесі бар. Біз орыс тілі пәні мұғалімдері М.Ахмедова, М.Юлдашова, ағылшын тілі пәні мұғалімдері И. Муслимова, Б. Саттарханова, қазақ тілі пәні мұғалімі Н.Халметова, химия-биология пәні мұғалімдері М.Байжанова, М.Камиловалар, математика пәні мұғалімі Д.Ахирова, физика пәні мұғалімі А.Балтаев сынды ұстаздардың есімін ризашылықпен атауға міндеттіміз. Ұстаздардің еңбегінің нәтижесінде өткен оқу жылында мектеп түлектерінің 40 пайызы мемлекеттік грант иегері атанды. Өз білімін дәлелдеген 11- сынып оқушылары Х.Эрме-това мен С.Алауовтар «Алтын белгіге» ұсынылып, абыроймен қорғап шықты», дейді ол.

Бүгінде бұл үрдіс аталған білім беру ошағында өз жалғасын табуда. Баланың сапалы білім алуы басшының жасаған жағдайы мен қойған талабына байланысты болса, екіншіден сапалы білім беретін ұстаздардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер