Мемлекеттің басты байлығы жерді тиімді игеру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту мен еліміздегі жер және су мәселесіне ерекше тоқталды.

Screenshot_46.jpg

- Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі.  Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек. Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді.Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек»,- дейді Президент. 

Бұл жерде менің алып-қосарым біз жаңадан құрылған аудан ретінде агроөнеркәсіп саласын субсидиалауда алдымен өнім өндіруші фермерлерге нақтылай және тікелей берілуі тиіс деп ойлаймын. Сонымен қатар, өнімді ұқсата пайдаланушыларға және қалдықсыз технологиямен жұмыс жасаушыларға, диқандарға маусымдық далалық жұмыстарды атқаруына дизель отынын жеңілдікпен беруі тиіс.  

«Шаруалардың өзара ұжымдасуы ауыл шаруашылығын дамытуға жол ашып отыр. Біз осындай пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Оған қатысқан ауылшаруашылық кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Ал, мал басы шамамен 25 пайызға көбейген. Әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, оң тәжірибені бүкіл елге біртіндеп тарату қажет. Бұл салада озық технологиялар тапшы»,-дейді Мемлекет басшысы. Бұл шын мәнінде қолдауға тұрарлық жайт. Себебі, бір-бірімен тәжірибе алмаспайтын, өзара томаға тұйық жұмыс жасайтын диқандар мен фермерлердің күйі төмен. Себебі техникасы тозған. Жері құнарсыз. Міне сондықтан ондаған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өзара  ұжымдасуы – үлкен жетістіктерге жеткізуде. Мәселен, Ибатадағы 52 кәсіпорынның бірігуі олардың үлкен инвестицияға қол жеткізуіне мүмкіндік әпереді.  

- Қазір ауыл шаруашылығына арналған жер туралы толыққанды ақпарат жоқ. Жердің құнары, су ресурсы мен суару жүйесі және оның жолдары жайлы мәліметтер жан-жақта шашырап жатыр. Цифрлық платформа осының бәрін  бір жерге жинақтайды. Тұтастай алғанда, еліміздің агроөнеркәсіп кешені келесі жылдан бастап жаңа әрі тұрақты ереже бойынша жұмыс істеуі қажет. Игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталғым келеді. Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды, - деді Президент. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер