Жемқорлық - індет, онымен күресу - міндет

Сауран аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ғани Рысбековтың төрағалығымен Сауран ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысы болып өтті. Мәжіліске ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.

Screenshot_43.jpg

Сауран ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы С.Исмаилов баяндама жасады. 

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте: «Жемқорлық - індет, онымен күресу -  міндет» деген қағиданы жұрт санасына орнықтыру, барлық мемлекеттік органның ортақ жұмысы. Бұған бір реттік науқан ретінде қарамау керек. Азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмысын күшейтіп, жүйелі түрде жүргізу қажет», - деп нақтылап айтқан болатын.

Қазіргі еліміздегі өзекті тақырыптардың бірі - сыбайлас жемқорлықпен күрес екені белгілі. Сонымен хабарламашының мәліметіне құлақ түрсек, Сауран ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы мемлекеттік мекемесі өзінің функционалды қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актілері, Қазақстан Республикасы Жер және Бюджеттік кодекстерінің  Қазақстан Республикасының «Қала құрылысы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарының  және  тағы басқа да құқықтық нормативті актілерінің негізінде жүзеге асыратындығын мәлім етті. Сонымен қатар, күн тәртібіндегі мәселе бойынша бөлім тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Мәжіліс соңында аудан әкімі Ғ.Рысбеков күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында кешенді шара қабылдап, бірлесіп, қоғам болып күресу қажеттігін айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер