Дөңгелек үстел

Сауран ауданы әкімі аппараты заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің ұйымдастыруымен ауылдық округ әкімдерінің жеке және заңды тұлғаларға жер учаскілеріне құқық беретін шешім жобаларын дайындау кезінде ҚР нормативтік құқықтық актілерінің талаптарының бұзылуына жол бермеу тақырыбы аясында дөңгелек үстел болып өтті.

Screenshot_47.jpg

Шараға Сауран ауданы әкімдігінің ауылдық округ әкімдері мен шешім жобаларын дайындап, пысықтайтын мамандары мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, ауданның сәулет, құрылыс және қала құрылыс бөлімі, Азаматтарға арналған үкімет КЕАҚ Түркістан облысы филиалының Сауран аудандық бөлімінің мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелде Сауран ауданы әкімі аппаратының заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы М.Бегалы мемлекеттік қызметшілер мен тиісті сала мамандарына өздеріне жүктелген міндеттерін орындау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, ҚР жер кодексі, ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілерінде көрініс тапқан ережелердің қатаң  сақталу керектігі түсіндірілді. 

Жиынға қатысушылар тарапынан шешім жобаларын дайындау кезінде қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде сұрақтар қойылып, оған жауаптар берілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер