Көктас суы көпшілікті өзіне қызықтырды

Screenshot_15.jpg

Түркістандағы Әлқожа Ата кесенесіндегі көктастың суы адамның ішкі құрылыстарындағы ауруларға ем болған. 

Жақында Түркістан облысында "Тарихы терең Түркістан" атты ақпараттық туры бастау алған болатын. "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының бастамасымен "Open Kazakhstan" мекемесінің ұйымдаструымен жүзеге асырылды. 

Турдың мақсаты ішкі туризмді дамыту, киелі орындарды жан-жақты насихаттау. Аталмыш ақпараттық тур 7 күн бойы Түркістан облысындағы 40 нысанды аралайтын болады. 40 нысанның ішіне 24-і республикалық, ал 16-сы облыстық маңызы бар киелі орындар да кіреді. 

Сол киелі орындардың бірі "Әлқожа Ата". Ол Түркістан қаласы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жақын маңда орналасқын нысан. Кесене XII-XIII ғасырларда бой көтерген, бүгін таңда мемлекет қарауына алынған нысандардың бірі. Әлқожа Ата кім, қайдан шыққан? Оның тарихын киелі орынның шырақшысы әңгімелеп берді. Кезінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең жақын досы, сенімді серігі, ізбасары, ислам дінінің ең ардақты тұлғаларының бірі - Әбу Бәкір Сыддық деген кісі болған. Халық Әбу Бәкірді «Сыддық» деп атаған. 

Әбу Бәкірдің өзін ұрпағы Әбуләйіс қожаның екі ұлы болған. Олардың бірі – Жақып қожа, екіншісі - Әбдімәлік қожа. Самарқандта білім алған ағайынды Жақып пен Әбдімәлік Түркістан қаласына келгеннен кейін ағасы Сыр бойының төменгі жағына қарай бет алып, Өзген қаласына қоныстанған. Ал, Әбдімәлік ата Түркістанда қалады. Қожа Ахмет Яссауи медресесінде қызмет екен ол Яссауимен бірге қажылыққа аттанған деседі. Өз кезеңінде Әбдімәлік ата Түркістан өңірінде ірі тұлға саналған. Оның ислам діні үшін сіңірген еңбегін түркі жұрағатының данасы Ахмет Ясауи өте жоғары бағалаған. Онымен құда болып, Әбдімәліктің баласы Әлиқожаға (Әлқожа) қызы Гауһарды қосқан. Әлқожа Ата Қожа Ахмет Ясауидің сүйікті шәкіртінің бірі де болған екен. Оның бойында емшілік қасиеті дарыған деседі. Айтылған аңыздарға сенсек, сол заманда кесененің жоғарғы жағында орналасқан көктастан су тамшылайтын болған көрінеді.

Әлқожа-ата кесенесі. Осы кесене ішінде, төбеде тұрған көктастан су тамшылаған. Сол су төменде орналасқан екінші көктастың үстіне тамшылап тұратын болыпты. Соған жиналған суды халы келіп еңкейіп ішкен деседі. Себебі оның өзіндік емдік қасиеттері болған көрінеді.

Көктас. Көктастың жоғарғы жағында кесе тәріздес ойық бар. Соның ішіне жиналған суын ішкен адам ішкі құрылысындағы ауруынан, тамақ, жөтел, астма секілді ауруларына шипа іздеп, ем тапқан.

Көктас үстінде кесе тәріздес ойық. Бүгінде аталған кесене қайта жөндеуден өткен. Ал, көктас қазіргі таңда кесене алдына шығарылған. Сонымен қатар, кесене төбесінен ташылап тұратын көктастың қайда екендігі белгісіз. Ол жаугершілік заманда кесене қирап, сол тұстарда жоғалып кетіпті.

Кесенеге зиярат етіп келушілер көктас ішін жақсылап тазалап, ішіне су құйып ниет етіп, ем болсын деп ішеді екен.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер