Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде «iTest» – ҰБТ-ға дайындау бағдарламасы бойынша виртуалды оқыту кешеніне, «iMektep» – бастауыш мектепке арналған мультимедиялық курсына, «BilimLand» – білім беру платформасына, «Twig-bilim» білім беретін фильмдер топтамасына, «OnlineMektep» - ақпараттық цифрлық білім беру порталы қолжетімділікті ұсыну жөніндегі қызметтер» мемлекеттік сатып алу бойынша Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес аудиторлық іс-шара (тексеру) жүргізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 517,9 мың теңгеге қорытындыға әсер ететін бұзушылықтар анықталды.
Ішкі мемлекеттік аудит барысында мынадай шаралар қабылданбады:
1. Анықталған бұзушылықтарды және оған ықпал еткен себептер мен жағдайларды толық жоюға және белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы шаралар қабылдауды.
2. Бұзушылықтарға жол беруге ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында мынадай ұсыным беріледі:
- мемлекеттік аудит объектісімен алдағы уақытта осы тектес анықталған бұзушылықтарды болдырмауды жоюды және қатаң бақылауға алуды;
- мемлекеттік аудит объектісінде анықталған бұзушылықтар жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершігін қарауды және шаралар қабылдауды;
- мемлекеттік аудит объектісінде жүргізілген аудиторлық іс-шара бойынша жалпы сомасы 517,9 мың теңгеге анықталған қорытындысына ықпал заң бұзушылықтардың негізінде санды мемлекеттік сатып алу туралы шартты cотқа жарамсыз деп тану туралы шаралар қабылдансын;
- жоғарыдағы анықталғандарды қорытындылай келе, аудит объектісіне алдағы уақытта заңнама талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуге.
Келтірілген бұзушылықтарды орындауға және бұзушылықтарға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарауға «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес нұсқама жіберілді.
ҚР Қаржы Министрлігі «Ішкі Мемлекеттік Аудит Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі Мемлекеттік аудит Департаменті»