«Маңғыстау облысы бойынша Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»

«Маңғыстау облысы бойынша Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы.

«Маңғыстау облысы бойынша Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (БСН:110740003933) жүргізілген сәйкестік аудитіменжалпы сомасы 324 572,7 мың теңгеге (рәсімдік сипаттағы 314 876,4 мың теңге қаржылық 9 696,3 мың теңге) бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда: жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 7 ақпандағы №47 «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі - №47 Қағида) 4,5,6,7-қосымшаларының талабы сақталмай, жалпы сомасы 302 624,4 мың теңгеге 259 грант алушылардың өтініштері, бизнес жобалары, бағалау парақтары, шешімдері белгіленген үлгіге сәйкес емес толтырылғаны және №47 Қағиданың 57-тармағының талабы сақталмай, 11 грант алушылардың қызметі қаражат түскен күннен бастап 3 айдан кешіктіріліп немесе мүлдем қызметтері салық органдарында тіркелмегені сонымен қатар бизнес жобаны іске асырудың нысаналы пайдаланылуын грант алушылар Порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы он екі ай ішінде тоқсан сайын растамағаны белгілі болып, жалпы сомасы 13 477,2 мың теңгеге бұзушылыққа жол берген (12 252,0 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылық, 1 225,2 мың теңге қаржылық сипаттағы бұзушылық).

Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығының (бұдан әрі - №516 бұйрық) 4-тармағынының талабы сақталмай, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2017 жылғы 11 мамырдағы №130-ОД бұйрығының қызметтер жіктеуішінің 9-негізгі тобында біліктілігі жоқ жұмысшылардың тізіміне сәйкес, жеткізуші, қосалқы жұмысшылар, еден жуушы, жүк тасушы, аула сыпырушыларға Мекеме тарапынан жолдамалар беріліп, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің (бұдан әрі - Бюджет Кодексі) 97-бабының 6-тармағына қайшы, Мекеме тарапынан жұмыс берушілерге жалпы сомасы 3 412,2мың теңге негізсіз аударылған.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 15 және 16-баптарының талабы және Бюджет Кодексінің 97-бабының 6-тармағының талабы Мекеме тарапынан тиісінше сақталмай, дара кәсіпкерлігі тіркелген 12 адам қоғамдық жұмыспен жұмысқа орналасып, жалпы сомасы 5 058,9 мың теңгеге бұзушылыққа жол бергені анықталып, жауапты тұлғаларға :

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес аудит объектісі ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы ақпаратты  растайтын құжаттарын қоса көрсетілген мерзімдерде орындау туралы нұсқама жолданды.

Берілген нұсқама, талаптар орындалмаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағына сәйкес жауапты лауазымды адамға қатысты әкімшілік іс қозғалатындығы туралы ескертілген.

ҚР Қаржы Министрлігі «Ішкі Мемлекеттік Аудит Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі Мемлекеттік аудит Департаменті» 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер