«Маңғыстау облысы бойынша Бейнеу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы.
«Маңғыстау облысы бойынша Бейнеу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (БСН:110640021680) жүргізілген сәйкестік аудитімен жалпы сомасы 200 786,4 мың теңгеге (рәсімдік сипаттағы 197 248,7 мың теңге, қаржылық 3 537,7 мың теңге) бұзушылықтар анықталған.
Атап айтқанда: жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 7 ақпандағы №47 «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі - №47 Қағида) 5-қосымшасының талабы сақталмай 2022 жылы 161 грант алушылардың бизнес-жобалары жалпы сомасы 196 023,5 мың теңгеге үлгіге сай емес жасақталған және Қағиданың 57-тармағының талабы сақталмай, 1 грант алушылардың қызметі қаражат түскен күннен бастап 3 айдан кешіктіріліп немесе мүлдем қызметтері салық органдарында тіркелмегені сонымен қатар бизнес жобаны іске асырудың нысаналы пайдаланылуын грант алушылар Порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы он екі ай ішінде тоқсан сайын растамағаны белгілі болып, жалпы сомасы 1 225,2 мың теңгеге бұзушылыққа жол берген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 15 және 16-баптарының талабы және Бюджет Кодексінің 97-бабының 6-тармағының талабы Мекеме тарапынан тиісінше сақталмай, дара кәсіпкерлігі тіркелген 15 адам қоғамдық жұмыспен жұмысқа орналасып, жалпы сомасы 3 537,7 мың теңгеге бұзушылыққа жол бергені анықталған.
Анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданып, ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы ақпаратты растайтын құжаттарымен қоса 2023 жылдың 16қазанға дейін жіберілген.
Бір мезгілде, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы ақпаратты көрсетілген мерзімде жіберуге міндетті екенідіктері туралы хабарланды.
ҚР Қаржы Министрлігі «Ішкі Мемлекеттік Аудит Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі Мемлекеттік аудит Департаменті»